+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссия президентін туған күнімен құттықтады

2019 жылғы 8 қазан 15:30
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссия президентін туған күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Ляйенге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейнешолу Қасым-Жомарт Тоқаев француз саяси қайраткері Жак Атталиді қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге «Абай жолы» романын сыйлады

Мемлекет басшысы Еуропалық Комиссияның сайланған Президенті Урсула фон дер Ляйенді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Жеделхатта Еуропалық Одақ Урсула фон дер Ляйеннің басшылығымен өзінің іргетасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттырып, халықаралық аренадағы мерейін арттыру жолында биік белестерді бағындырып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігін білдірген.

«Қазіргі таңда өңірдің тұрақты ілгерілеуі мен өркендеуі үшін Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім және ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы неғұрлым берік байланыстардың жаңа дәуіріне жол ашуда. Алдағы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында достық негізінде қалыптасқан жемісті қатынастардың одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін», – деп жазды Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссияның сайланған Президентіне мол табыс пен сәттілік тіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT