Қасым-Жомарт Тоқаев: Этносаясатқа құзырлы органдар ғана жауап бермеуі керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында әлеуметтік саясаттың этносаралық ахуалға тигізетін әсері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы этносаралық тұрақтылық экономикаға, адамдардың әлеуметтік жағдайына оң ықпал етеді. Бұған осы 30 жылдың ішінде көзіміз анық жетті. Елдегі тұрақтылықты сақтау үшін мәдениет пен білімнің, ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы зор. Біз бұл бағытта да мемлекеттік саясаттың жан-жақты әрі тиімді, яғни инклюзивті болуын қатамасыз ететін жүйелі шаралар қабылдадық. Осы мақсатта арнайы құрылымдар жасақталды. Дегенмен, этносаралық келісімдерді нығайту ісінде әрбір министрлік пен мекеме айрықша рөл атқарады. Әсіресе әлеуметтік саладағы саясаттың орны бөлек. Шын мәнінде этносаясатқа құзырлы органдар ғана жауап бермеуі керек. Алдағы міндеттерді табысты орындау үшін мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана біз халқымыздың береке-бірлігін сақтап, мемлекетімізді нығайта аламыз», - деген Президент этносаралық қатынас саясатын одан әрі жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау керектігін баса айтты.

«Бұл - қазіргі заманның талабы, Қазақстанның ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар