Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының ерен еңбегі туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің дамуына сіңірген ерен еңбегі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Елбасы басшылығымен кедейшіліктен, аласапыраннан тұрақтылық пен гүлденуге қарай ілгерлеушілік жасады. Тұңғыш Президент, партия Көшбасшысы бейбітшілікті, тыныштықты, ұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді қамтамасыз етті», - деді Қ. Тоқаев.

Оның сөзіне қарағанда, бастапқы кезеңде әлемдік саясаткерлер мен сарапшылар Қазақстанда құлдырау мен күйзелісті болжағанымен, еліміз әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің санатына сенімді түрде енді.

«Елбасының күш-жігері мен көшбасшылығының арқасында жаңа мемлекет құрылып, жаңа елорданы салдық. Елордада лайықты түрде өзінің негізін қалаушы әрі бас сәулетшісінің есімімен аталды. Біздің Көшбасшы табыстылыққа әрі барша мемлекеттік жаңғыртуға негізделген сапалы жаңа ұлтты қалыптастырды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар