+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев ел жастарына үндеу жолдады

2020 жылғы 15 қаңтар 13:36
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев ел жастарына үндеу жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің кадр резерві жалғасатын болады. Бұл туралы Ақордада Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін мен еліміздің барлық жастарына үндеу жолдағым келеді. Жаңғыру процесі менің ішкі саяси бағытымның негізгі басымдықтарының бірі саналады. Кадр резервін жасақтау жұмысы осымен бітіп қалмайды. Ол жалғасатын болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің атап өтуінше, кадр резервіне өзге де ынталы әрі лайықты жастар кіреді.

«Алдағы кезеңде ХХІ ғасырдың табысты мемлекетін құруға дайын кәсіпкерлерді, ғалымдарды, мәдениет қайраткерлерін, инноваторлар мен өзге де талантты жас адамдарды жан-жақты қолдайтын боламыз. Бізге түрлі салада жауапкершіліктен, стандарттан тыс әрі тиімді шешімдер қабылдаудан қорықпайтын жаңа көзқарасты басқарушылардың командасы қажет. Дәл сондай адамдар еліміз қажет етіп отырған нәтижелерді беруге қабілетті», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT