+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы жайлы TikTok жоба жасауға қолдау білдірді

2021 жылғы 21 қазан 12:32
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы жайлы TikTok жоба жасауға қолдау білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы бойынша TikTok жоба туралы ұсынысты қолдайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тұңғыш Президент - Елбасы туралы кітабы португал тілінде шықты Президенттің Швейцарияға ресми сапарынан бейнеролик жарияланды

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Ақмола облысы поляктар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская патриоттық TikTok жоба жайлы идеясын ортаға салды.

«Сіз балаларды, өнерге, мәдениетке тартуға қатысты өте қызық ұсыныс айттыңыз. Мен бұл ұсынысты қолдаймын және облыс әкімдерін де үндеймін. Шынымен де балалардың халық театрларын ашқан сияқты мұндай жұмысты бастап көрейік те. Балаларымыздың арасында таланттылар өте көп. Күні кеше ғана Жезқазғанда болдым және балалардың өнердің сан түрімен, оның ішінде домбырамен айналысатынын көрдім. Бұл - қуантарлық жайт. Дегенмен, біз мұндай балаларға қолдау көрсетуіміз қажет. Ал олардың саны өте көп», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы бойынша TikTok жоба құру туралы ұсынысқа қолдау білдірді

«Сіздің өлкеміздің тарихы бойынша TikTok жоба құруға қатысты ұсынысыңызды қолдаймын. Шындығында бұл - өте жақсы жоба. Қазір жастар негізінен Іnstagram мен TikTok-та отырады. Бұл - біздің өміріміздің шындығы», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT