Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетін ғасырлық мерейтойымен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойы аясында атқарылған шаралар, айтулы дата шеңберінде шығарылған еңбектер жайында баяндалды. Сонымен қатар Дархан Қыдырәлі мерейтой барысында Алаш ардақтыларына құрмет көрсетіліп, тарих пен тағзымға құрылған шаралар туралы айтты.

Сондай-ақ Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстар жөнінде де сөз болды. Атап айтқанда Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жинақталған «Домбыра» оқулығы таныстырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымын ғасырлық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар