Қасым-Жомарт Тоқаев: ЕЭК-ның әділ органнан ұлттық пәрменді алаңға айналу қаупі бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіл экономикалық одақтың мүддесін әділдікпен алға жылжытуы тиіс Еуразия экономикалық комиссиясының ұлттық келіссөз пәрменіне арналған алаңға айналып кету қаупі бар. Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интеграциялық процестердің біздің мемлекеттерге әсерін жекелеген сарапшылар бағалап отыр. Шынтуайтында, бұл бағалау шындықтан кейде алыс кетіп қалады, шынайы жағдайды сипаттап бере алмайды. Сонымен бірге сол талдаулардың нәтижесі әлеуметтік желіге тарап, қоғамдық пікір мен біздің азаматтардың интеграцияға деген ұстанымын қалыптастырады. Комиссия бәріне шынайы үлесті, интеграцияның пайдасын көрсете алатын бағалау моделін жедел әзірлеуі керек. Сонымен қатар Еуразия экономикалық комиссиясының төрағасы мен коллегия мүшелеріне біздің экономикалық одақтағы бизнес өкілдерімен бетпе-бет кездесуді ұсынамын. Бұл кері байланыс орнатуға көмектеседі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысында.

Қазақстан Президенті комиссияның министрлері ұлтүстілік шенеуніктер екенін, сол себепті олар барлық мемлекет бизнесмендерінің шағымын тыңдауы керектігін жеткізді.

«Мәселені қараудан жалтару тренді, ұлттық позицияларды қолдау тенденциясы байқалып жатса, әрине, бұл орташа мерзімді келешекте ешкімге пайда әкелмейді. Бүкіл экономикалық одақтың мүддесін әділдікпен алға жылжытуы тиіс комиссияның ұлттық келіссөздер пәрменіне арналған алаңға айналып кету қаупі бар», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар