+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕЭК Алқасының төрағасын қабылдады

2020 жылғы 24 ақпан 14:14
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев ЕЭК Алқасының төрағасын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Үкімет пен Ұлттық банкке тапсырма жүктеді Ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық - Президент Президент: Мемлекет қиын кезде банктерге көмектесті – енді банктер халықты қолдауы керек

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары жайында, оның ішінде Қазақстанмен одақ арасындағы ықпалдастық туралы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Мясниковичті жаңа қызметімен құттықтап, ол жетекшілік ететін Комиссия еуразиялық интеграцияны одан әрі тереңдетуде үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

– Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі маңызды орган саналатын ұйымның жұмысын жетілдіруде Беларусь Үкіметі мен Парламентінің жетекшісі, Ғылым академиясының президенті болған мол тәжірибеңізді, біліміңіз бен құзыретіңізді пайдаланатыныңызға еш күмәнданбаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі Келісімнің осыдан 5 жыл бұрын Елордада жүзеге асқанын атап өтті.

– Одақ өз дамуында үлкен жолды артта қалдырды. Әрине, оны даңғыл жол дей алмаймыз. Сондықтан жетістік те, кемшілік те болады. Дегенмен Еуразиялық экономикалық одақ өз міндетін ақтады деп есептейміз. Одаққа мүше мемлекеттердің ерік-жігеріне қарай аталған ұйым алдағы уақытта да дами береді, – деді Мемлекет басшысы.

Михаил Мясникович өзінің кандидатурасы Еуразиялық экономикалық комиссиясы төрағалығына ұсынылғанда Президенттің көрсеткен қолдауы мен сеніміне алғыс айтты. Сондай-ақ осы қызметте атқаратын жұмысының жоспарымен бөлісті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT