Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО негізгі қағидаттарын атады

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындау қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, кез келген істе өзекті мәселелермен айналысып қана қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау қажет. Сондай-ақ, айналадағы жағдайдың өзгеруіне байсалды реакция білдіру керек. Мұның бәрі мықты тірекке негізделуі керек, іргетас неғұрлым берік болса, ғимарат соғұрлым мықты болады. Біздің одақтың іргетасы неде? Одақ туралы шартты толық көлемде іске асыру негізгі элемент болды және болып қала береді. Тағы да айта кетейін, Қазақстан 2015 жылғы шарт негізінде интеграцияға дайын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумда.

Яғни Президент еш кемсітусіз инфрақұрылымға қол жеткізу, әділ бәсеке, теңдік және ұлттық мүдделерді ескеру сияқты төрт бостандық пен негізгі қағидаттарды іске асыру – бірлескен жұмыстың негізгі қағидаттары екенін атап көрсетті.

«Қазақстан дәл осы қағидаттарды ілгерілетеді. Біздің бірлескен жұмысымыздың болашағы жақсы деп ойлаймын. Бұл мәселелердің барлығы әрине, аса мұқият назар аударуды қажет етеді», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды.


Соңғы жаңалықтар