Қасым-Жомарт Тоқаев: ЕАЭО елдерінің көпқырлы өзара іс-қимылдарын тереңдету қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің алдағы отырысының күн тәртібі талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев одаққа мүше елдердің көпқырлы өзара іс-қимылдарын тереңдету қажеттігіне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар