Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдері басшыларымен кездеседі

2019 жылғы 27 мамыр 12:35 476
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдері басшыларымен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Еуразиядағы экономикалық интеграцияның одан ары жалғасуын жақтайды - Тоқаев Елордада Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтеді

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.Пашинян қатысады.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет басшысы ретінде Молдова Республикасының Президенті И.Додон және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон қатысады деп күтілуде.

Жиында мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелерін және одан әрі дамудың перспективаларын, соның ішінде цифрлық күн тәртібі мен Одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының жүзеге асырылуын қарастырады. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын талқылайды.

Саммит қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының - Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай бірлескен мәлімдемесі қабылданады, сондай-ақ, бірқатар халықаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT