Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдошы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдошы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Белгілі спортшымыз Елдос Сметовті әлемдік дзюдо додасындағы айқын жеңісімен құттықтаймын! Жарайсың бауырым! Биік шыңдарға жете бер! Өзің сияқты спортшылардың жетістіктері - жас буынға жақсы үлгі» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық Елдос Сметов Будапеште дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар