+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайдың Халықаралық қаржы орталығына барды

2020 жылғы 28 қаңтар 19:23
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайдың Халықаралық қаржы орталығына барды

ДУБАЙ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайдың Халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті: Мемлекет тарапынан отандық БАҚ-қа қолдау көрсетіле береді ҚР Президенті Дархан Кәлетаевқа бірқатар тапсырма берді Қасым-Жомарт Тоқаев ЕЭК Алқасының төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының екінші күнгі бағдарламасының аясында Дубайдың Халықаралық қаржы орталығын (DIFC) аралап көрді.

Дубайдың Халықаралық қаржы орталығының басқарма төрағасы Ариф Амири Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы экономикалық аймақ жұмысының принциптері, қажетті заңдық, коммерциялық және басқа да инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету арқылы бизнес пен қаржы институттары үшін тартымды жағдай жасау жөнінде айтты.

Бүгінде Орталыққа заңды түрде 2300-ге жуық компания тіркелген. 2024 жылға қарай олардың Дубай Әмірлігінің жалпы ішкі өніміне қосатын үлесі шамамен 15 пайыз болмақ.

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Дубайдың Халықаралық қаржы орталығы арасында тығыз ықпалдастық орнатудың, Дубайдың табысты тәжірибесін «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT