Қасым-Жомарт Тоқаев: Домбыра - бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Домбыра бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра. Бұл туралы бүгін Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концертте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Төл мәдениетімізге деген қамқорлық әрқашан мемлекеттің айрықша назарында болады. Біз қазақтың дәстүрлі әнін, күйін елімізге ғана емес әлем жұртшылығына танытып жүрген өнерпаздарымызға лайықты қолдау көрсете беруіміз керек. Олар халқымыздың ұлттық болмысын сақтау үшін еңбек етіп жүрген өнер тарландары", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ұлт пен ұлыстардың мекені екенін баса айтты. Елімізде түрлі халықтардың мәдениеті өсіп, өркендеп отырғандығына назар аудартты.

"Домбыра бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра. Ұлттық руханиятымызды дәріптейтін мереке домбыраның мәртебесін биікке көтере берсін! Баршаңызға, үлкен рахмет, аман болыңыздар, құрметті ағайын!", - деп аяқтады сөзін Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар