Қасым-Жомарт Тоқаев: Димаштың жұлдызы алғаш Беларусь жерінде жанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь елінің мәдениет қайраткерлерін Қазақстанға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстар — екі ел достық қатынастарының маңызды факторы. Осы орайда елдер арасындағы байланыстар шығармашылық зиялы қауыммен, оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен қолдау тауып келеді. Біз алдағы жылы Беларусьтың атақты мәдениет қайраткерлері Қазақстанға келіп, қазақ қоғамдастығы алдында өнер көрсетеді деп келістік», - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы кейіннен Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлері, әртістері Минскке және өзге де қалаларға баратынын атап өтті.

«Қазақстан мәдениетінің өкілдері Беларусь жерінде өткізіліп жатқан музыкалық байқауларға, театрлық әрі кинофестивальдерге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Біздің талантты орындаушымыз Димаш Құдайбергеннің жұлдызы дәл осы Беларусь жерінде жанған болатын, яғни 2015 жылы «Славян базары» байқауындағы жеңіс оның әлемдік деңгейде мойындалуына жол ашты», - деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар