Қасым-Жомарт Тоқаев «#COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев «#COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатысты.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің шақыруымен Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобының атынан «#COVID -19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатыстым. Жиында Қазақстанның пандемияға қарсы жаһандық күреске қосқан үлесі туралы айттым»,-деп жазды ҚР Президенті.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған форумға қатысатынын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар