+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті

2019 жылғы 17 қазан 17:02
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Көкшетауда жылу электр орталығын салуды тапсырды Ақмолада өнеркәсіп саласындағы өсім 103 пайызға жетті Тоқаев ауыл халқының мал жаятын жер таппай отырғанына алаңдаушылық білдірді

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондарчекпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, атап айтқанда, Қазақстан – Еуропалық одақ, Орталық Азия – Еуропалық одақ және Орталық Азия – Вышеград төрттігі (Чехия, Польша, Венгрия және Словакия) сияқты көпжақты форматтағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Радек Вондарчекті Барқыт төңкерісінің 30 жылдығымен, Чехияның НАТО-ға кіруінің 20 жылдығымен және алдағы Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ Президент Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі саналатын Чехиямен арадағы байланыстарды одан әрі дамыта беретінімізді атап өтті.

– Сіздің бұл сапарыңыз екі ел парламенттері арасындағы өзара іс-қимылдарды нығайту тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру мақсатында да өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде чех саясаткері қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалады.

– Чех Республикасының өкілі ретінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың достық және дәстүрлі рухта өрбіп, өте тығыз әрі терең қарым-қатынастың қалыптасқанын растауға мүмкіндік туғанына қуаныштымын,– деді Радек Вондарчек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT