Қасым-Жомарт Тоқаев бюджетті қалыптастыруды қайта қарастыруды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджетті қалыптастырудағы қадамдарды қайта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Талқылау кезінде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев қолданыстағы бюджет теңдестірілмегенін және қайта форматтауды талап ететінін атап өтті.

Осы орайда бірінші кезекті әлеуметтік құрамдауыш бөлігі өсіп келе жатқанын ескере отырып, бюджетті толықтыру көздерін түрлендіру әрі өрістету қажеттігі айтылды.

«Екіншіден, ол бюджеттің «өнімсіз шығындарына» қатысты. Қажетсіз шығындар өте көп. Біз бюджетке қатысты қатынасты түбегейлі өзгертуіміз керек», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар