+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен Қазақстандағы ауқымды реформалар жайында айтты

2020 жылғы 23 қыркүйек 20:43
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен Қазақстандағы ауқымды реформалар жайында айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан экономикалық жағынан қуатты, демократиялық тұрғыдан дамыған және әрбір азаматтың қажеттілігін қанағаттандыруға мән беретін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға ниетті. Осыған орай біз барша халқымыздың мүддесіне сәйкес дамуға тың серпін беретін саяси және экономикалық тұрғыдан ауқымды реформаларды іске асыра бастадық. Біз жала жабуды қылмыстық іс аясынан шығарып, саяси партиялар мен бейбіт шеру жөнінде жаңа заңдар қабылдадық. Өмір сүруге және адамның қадір-қасиетіне деген іргелі құқықты жүзеге асыру мақсатында Өлім жазасынан бас тартуға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қосылу жөнінде шешім қабылдадық», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті келесі маңызды басымдық – әйелдер мен жастардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және балаларды қорғау мәселесі екендігін айтты.

«Біз Гендерлік теңсіздік индексінің көрсеткішін екі есеге төмендетіп, әйелдер мен жастар үшін партиялардың сайлау тізімдеріне міндетті 30 пайыздық квотаны енгіздік. Пандемия кезінде табысынан уақытша айырылған 4,5 миллион азаматымызға айтарлықтай көмек көрсетілді. Бұл мақсатқа 1,1 миллиард доллар қаржы бөлінді. Бір миллионнан астам адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар берілді. Мұның бәрі – біздің аймақта бұрын-соңды болмаған шаралар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT