Қасым-Жомарт Тоқаев бұлжытпай ұстанатын өмірлік қағидатын атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке ортақ кандидат ретінде ұсынған халық коалициясы мүшелеріне рахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлауға қатысқан барша жұртқа ризашылығымды білдіремін. Науқанға атсалысқан қауымға, байқаушылар мен журналистерге зор алғыс айтамын. Президенттікке кандидаттарға да құрметімді білдіремін. Сайлауда саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар маңызды сәтте жұдырықтай жұмыла алатынын көрсетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты ұлықтау рәсімінде.

«Осы ретте, Мемлекет басшысы президенттікке ортақ кандидат ретінде ұсынған халық коалициясы мүшелеріне рахмет айтты.

«Мен өзіме дауыс берген азаматтардың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының алдында есеп беретін болдым. Қазақта «Байлық не керек, адалдан жимасаң, билік не керек, әділдік құрмасаң» деген сөз бар. Бұл – бұлжытпай ұстанатын өмірлік қағидатым. Мен бүгін көк туды сүйіп, дана халқымның алдында бас идім. Азаттық жолында құрбан болған бабалар рухына тағзым еттім. Елімнің арман-мұратына өмір-бақи адал болуға серт бердім. Ешқашан адалдықтан аттамауға және ел мүддесіне қиянат жасамауға ант еттім. Ата заңға қолымды қойып, оның әр сөзін мүлтіксіз орындаймын. Халқымның алдындағы осы антым алдағы қызметімде мен үшін айнымас темірқазық болады», - деді ҚР Президенті.


Фото: t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар