Қасым-Жомарт Тоқаев «Bloomberg» халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында «Bloomberg» Халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы дамуы туралы көзқарастарымен бөлісті. Әлеуметтік, қаржы-экономикалық және инвестициялық мәселелер бойынша бірқатар сұраққа жауап берді. Сұхбаттың дені Қазақстанның сыртқы саясатына, аймақтық күн тәртібіне және АҚШ-пен екіжақты өзара іс-қимылдарға арналды», - деп жазады Берік Уәли.

«Bloomberg» агенттігі - іскерлік әлемде қаржылық мәліметтер мен сараптамалық материалдарды тарату бойынша көпшілік мойындаған көшбасшы. Сұхбаттың бейнежазбасы «BloombergTelevision» телеарнасынан көрсетіледі және «Bloomberg» терминалдары арқылы да танысуға болады. Сондай-ақ, апталық аудиториясы 4 миллион болатын www.bloomberg.com сайтына да орналыстырылады.

Соңғы жаңалықтар