Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесмендерге: Жиі кездесіп тұруға дайынмын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік-экономикалық реформа бағыттарының бірі ретінде жобалық топ құру қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік-экономикалық реформа бағыттарының бірі ретінде жобалық топ құру қажет. Оған сіздердің әрқайсыңыз өз өкіліңізді жіберіп, жеке де қатыса аласыздар. Бұл жерде жеке бюрократия мен формализмнің қажеті жоқ. Сіздердің әрқайсыңыз - ең алдымен істің адамысыздар», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында.

ҚР Президентінің атап өтуінше, дайындалған топтамалар мен ұсыныстар жаңа экономикалық саясаттың орта мерзімді бағдарламаларының негізіне айналуы тиіс.

«Үкімет жанынан отандық кәсіпкерлер кеңесін құруды тапсырамын. Меніңше, мұндай орган бизнестің ойы мен идеяларын тікелей жеткізуге, шешімдердің кабинетте шешілуін төмендетуге мүмкіндік береді. Менде сіздермен бүгінгідей жиі кездесу өткізуге дайынмын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар