Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз
2022 жылғы 20 қаңтар 19:36

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде жазды.

«Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды. Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз. Хаос жағдайында даму, тұрақтылықты сақтау және реформалар жасау мүмкін емес. Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі», - деді ҚР Президенті.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT