ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды

2022 жылғы 1 қыркүйек, 12:04
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын», - деді Мемлекет басшысы.

«Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-biyl-kuzde-kezekten-tys-prezident-saylauyn-otkizudi-usyndy_a3973410
https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-biyl-kuzde-kezekten-tys-prezident-saylauyn-otkizudi-usyndy_a3973410