Қасым-Жомарт Тоқаев билікті монополиялауға жол бермейтін тетіктерді атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы билікті монополиялауға жол бермейтін тетіктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізді көптеген қиындықтар мен қатерлер күтіп тұр. Бірақ, біз бетке алған бағыттан айнымаймыз. Әділ және тиімді мемлекет құрып, барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуіміз керек. Осынау ауқымды деп айтуға келетін мақсаттарға жету үшін саяси жүйені қайта бастау керек», - деді Мемлекет басшысы.

Президент өзі үшін Отанға қызмет етуден асқан ұлы миссия жоқ екенін атап өтті.

«Мен қолына билік берілген саясаткерлер мемлекет мүддесі үшін аса маңызды мәселелерді шешу кезінде ерік-жігер таныта білу керек деген идеяны берік ұстанамын. Жауапкершілікті сезінетін саясаткер әрдайым ұтқыр ойлап, икемді әрі нық қадамдар жасайды. Нағыз патриот ешқашан көпшілік алдында көзалдау жасамайды, қауіп өршіп келе жатқан тұста ұлт бірлігін көбірек ойлайды.

Мені халық пен мемлекеттің ұзақ мерзімдегі мүддесін қамтамасыз етсем деген ниет жетелейді. Мен үшін Отанға қызмет етуден асқан құрметті де жауапты миссия жоқ. Биліктің ауыспалылығына берілген кепілдік оны монополиялап алуға деген талпыныстардың бәріне пәрменді тосқауыл болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар