+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Президент балабақша, мектеп пен колледж директорын тағайындаудың ашық жүйесін әзірлеуді тапсырды

2020 жылғы 27 мамыр 12:41
Бөлісіңіз:
Президент балабақша, мектеп пен колледж директорын тағайындаудың ашық жүйесін әзірлеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік билік жүйесіне білімді әрі кәсіби тұрғыда даяр, патриоттық тұрғыда шыңдалған жастарды тарту керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызмет кәсіби даярланған, елдің дамуына мүдделі жастар үшін ашық - Анар Жаилғанова

«Елімізде балабақшалар мен мектептердің, колледждердің директорын тағайындаудың ашық жүйесін дайындау керек. Директорларды ротация мен аттестаттаудан өткізу институтын енгізу – басқарудың тиімділігін арттыруы тиіс. Жалпы, ротация барлық салада болуы керек деп есептеймін. «Адасып кеткен буын» деген әңгімелер шықпауы үшін біз кадрларды жаңартып отыруымыз қажет. Шынында да білімді әрі кәсіби тұрғыда даяр, патриоттық тұрғыда шыңдалған, психикалық тұрғыда ойлы жастар мен орта жастағылар мемлекеттік билік саласында еңбек етуі керек. Парламент болсын, Үкімет, әкімдік болсын, жаңа таланттарды іздеуге шақырамын. Кәсіби тұрғыда шыңдалған жастарды іздеуге шақырамын. Мемлекеттік билік жүйесінде олардың дарынын пайдалануымыз керек», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президент қазір елде мемлекеттік қызметті реформалау, жаңа деңгейдегі мемлекеттік аппаратты құру бастамасы туралы айтылып жатқанын атап өтті.

«Әлбетте, осы ретте, бізге жаңа адамдар керек. Сол себепті Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттік пен Президент Әкімшілігі бұл мәселемен айналысуы керек», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT