Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл шоқтарын қойды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл қойды. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-на Мемлекеттік сапары аясындағы екінші күнгі бағдарламасына сәйкес Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл қою рәсімінен бастады»,-деп жазды баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Қазақстан ҚХР-де мемлекеттік сапармен жүр. Ал қыркүйектің 11-і күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізгендігін хабарладық.









Соңғы жаңалықтар