Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президентінің одақтас мемлекетке кіру туралы ұсынысына пікір білдірді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенконың айтқан сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзіліне лайықты баға бердім. Менің ойымша, бұған ешбір қажеттілік жоқ. Өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қару қажет емес. Себебі біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесу барысында.


Соңғы жаңалықтар