+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану

2019 жылғы 15 шілде 10:16
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы экономикалық көрсеткіштер халықтың тұрмысына оң ықпал ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күн тәртібі бойынша бірқатар өзекті мәселелер бар. Бұл мәселелер бойынша біз тиісті шешімдерді қабылдауымыз қажет. Алдымен өткен жарты жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қортындыларын қарастырамыз. Жалпы, қаңтар-маусым айларында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік деп айтуға болады. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,1 пайызды құрады. Инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,4 пайыз болды», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, Президент негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 11,7 пайызға өскенін атап өтті.

«Әрине, аталған экономикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмысына оң ықпал етуі тиіс. Қазір осы бағытта тиісті жұмыстарды талқылап, алдағы жоспарларды анықтаймыз. Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді , әлеуетімізді толық пайдалану. Аталған жетістіктерімізді еселеуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT