Қасым-Жомарт Тоқаев баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру тапсырмасы жүзеге асырылуға жақындап қалғанын айтты.

Енді тұрғын үй төңірегіндегі дүрбелең мен баға өсімін ұстап тұруға бағытталған нақты шаралар қабылдау қажеттігіне баса назар аудартты.

«Қазір бұл жайында барлық жерде жазып, жылжымайтын мүлік бағасының көтерілу тенденциясы байқалғанын айтуда. Мемлекеттік органдар халықпен және құрылысшылармен түсіндіру жұмысын жүргізгені маңызды. Нарықтағы алаяқтық операцияларды шектеу қажет», - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар