+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады

2019 жылғы 5 қараша 18:02
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазартуды тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде Назарбаев мектебінің филиалын ашуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Владимир Путинмен кездесті

Кездесу барысында балалардың денсаулығын сақтау мен әлеуметтік қорғау, сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы күрес секілді өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Аружан Саин шала туған әрі ретинопатия ауруына шалдығу салдарынан зағиптыққа ұшыраған сәбилердің проблемасын көтерді. Республика бойынша орта есеппен 20 мыңға жуық бала шала туады. Оның ішінде 4 мың баланың салмағы жетілмей дүниеге келеді. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, аталған мәселені шешу үшін өңірлердегі перинатальді орталықтар мен перзентханалар базасында тиімді офтальмологиялық жәрдем беру жұмысын ұйымдастыру қажет, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен сапалы байланыс орнатып, диагностикалық құралдармен жабдықтап, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру керек.

Аружан Саин Қазақстанда ағзаның функционалдық мүмкіндіктері түзілетін халықаралық классификацияны жедел енгізудің маңызды екенін атап өтіп, оның БЦП-ға шалдыққан, есту, көру және басқада ауру белгілері бар балалардың проблемаларын жүйелі шешуге ықпал ететінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқықтары мен денсаулығын сақтау ісі аса маңызды екеніне тоқталып, бұл мәселені әрдайым өзі жіті бақылап отыратынын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT