Қасым-Жомарт Тоқаев «Бақытты отбасы» аналар орталығында болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары аясында «Бақытты отбасы» аналар орталығында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл орталықта әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға өмірлік мәселелер бойынша «бір терезе» қағидасымен қызмет көрсетіледі. Алматы әкімдігінің өкілдері бұл орталыққа кез келген әйел, ана келіп заң тұрғысынан, психолиялық жағынан кеңес ала алатынын жеткізді. Сонымен қатар, мұнда компьютерлік сауат ашып, түрлі курстардан өтуге болады.

Бір айта кетерлігі - мұнда жұмыс істеуге көпбалалы аналардың өздері тартылады.

Бүгінде Алматыда 14,5 мың көпбалалы отбасы тұратын болса, оның 5 мыңы - әлеуметтік жағынан аз қамтылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Алматыда көпбалалы аналарды әлеуметтік қорғау жағынан бірқатар шаралар қолға алынған. Оның 20-сы республикалық деңгейде болса, 17-сі жергілікті деңгейде атқарылып жатыр.

null

1 сәуірден бастап Алматы ХҚО-ларына атаулы әлеуметтік көмек алуға 23 мың адам келген. Тұрмысы төмен отбасылардан 3,7 мың өтінім түскен. Бүгінде 923 отбасыға осы көмек түрі берілді.

Мұның алдында ҚР Президентінің Алматыға келгені хабарланған болатын. Мемлекет басшысы Алматыдағы бірқатар әлеуметтік мәдени нысандарды араламақ.

Сонымен қатар, көпбалалы отбасылар, жастармен кездесу жоспарланған. Президент ертең, яғни 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өтетін мәдени шараларға да қатысады.

null

Соңғы жаңалықтар