Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президентіне қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді.

Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қонақжайлық көрсетіп, мазмұнды келіссөз жүргізгені үшін БАӘ Президенті Шейх @MohamedBinZayed алғыс айтамын. Келіссөз қорытындысы бойынша маңызды келісімдерге қол қойылды»,-деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, жексенбі күні Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.

Кеше ҚР Президенті «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

Ал бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президентінің сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.

ҚР Президенттің БАӘ-ге ресми сапары аясында 9 құжатқа қол қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бірлескен мәлімдемесін жариялады.

Фото: twitter.com/TokayevKZ


Соңғы жаңалықтар