+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-ге сапарының басты мақсатын атады

2020 жылғы 27 қаңтар 14:53
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-ге сапарының басты мақсатын атады

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – Біздің мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықтың арқасында біз үлкен нәтижеге қол жеткіздік.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-16 ақпан аралығындағы апталық жұмысына бейнешолу Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті

Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл менің Араб әлеміне Президент ретінде жасаған алғашқы сапарым. Яғни, бұл дегеніңіз Қазақстан сіздің мемлекетіңізбен ынтымақтастыққа баса маңыз беретінін айғақтайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сонымен қатар екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықты ерекше атап өтті.

«Шынына келгенде, біздің мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықтың арқасында үлкен нәтижеге қол жеткіздік. Біздің елдеріміздің арасында шынайы достық, сенім мен өзара түсіністік бар. Сол себепті, біздің қарым-қатынасымыздың келешегі зор деген ойдамын. Менің бұл сапарымның басты мақсаты – біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беру. Уақыт бір орында тұрған жоқ. Сол үшін қосымша жігер мен әрекет керек. Сол себепті, мен бұл сапар ерекше маңызға ие деп білемін», - деді Қазақстан Президенті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келгені хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT