Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-де Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Президентінің Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында мемлекеттердің басшылары екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Айта кетейік, жексенбі күні Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.

Кеше ҚР Президенті «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

Ал бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президентінің сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.


Соңғы жаңалықтар