+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

2021 жылғы 8 қазан 13:00
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның Президентімен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді Қазақстан Президенті Бельгияның Премьер-Министрімен келіссөз жүргізді

Бейнебайланыс режимінде өткен кездесу барысында Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масацугу Асакаваны қаржы институтының басшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, Азия даму банкінің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

– 27 жыл ішіндегі ынтымақтастық аясында Азия даму банкі Қазақстанның экономикасына 6 миллиард долларға жуық инвестиция құйды. Бұл қаржы айтарлықтай қомақты және ынтымақтастығымыздың табысты дамығанын айғақтайды. Арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және ұзақмерзімді әрі өзара тиімді байланыстарды қолдауға ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы серіктестіктің жаңа Стратегиясын әзірлеу мәселесіне ерекше мән берілді.

– Азия даму банкінің Қазақстанға қатысты жаңа Стратегиясында біздің ұлттық басымдықтарымыз бен жоспарларымыз, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, экономиканы әртараптандыру және жасыл экономикалық өсім, теңгерімді аумақтық даму, сауда-экономикалық ынтымақтастық, цифрландыру мәселелері толық ескерілетініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Азия даму банкінің басшысына еліміздегі ішкі жалпы өнім деңгейінің артқаны, инфляцияға қарсы қабылданған шаралар, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, шағын және орта бизнеске көрсетіліп отырған қолдау шаралары туралы айтты.

Өз кезегінде Масацугу Асакава Қазақстандағы пандемияға қарсы қабылданған шараларға оң баға берді.

– COVID-19 індетіне қарсы бағытталған күш-жігерлеріңіз туралы хабардармын. Үкіметтеріңіз белсенді шараларды жүзеге асырып, вирустың өршуін тежеу үшін нақты шешімдер қабылдап отыр. Ел экономикасына және халықтың әл-ауқатына кері әсер еткен пандемияның салдарын жеңілдету мақсатында ішкі жалпы өнімнің 9,5 пайыз көлеміндегі дағдарысқа қарсы шаралардың ауқымды пакетін қабылдағаныңызды қолдаймыз, – деді Азия даму банкінің басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT