+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін Қазақстанға шақырды

2020 жылғы 14 ақпан 23:00
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін Қазақстанға шақырды

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Мюнхен қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Президенті Ұлттық банктің есебін тыңдады Дер кезінде медициналық препараттар мен дәрі жеткізген Ресейге алғыс айтамын - Тоқаев Президент елді қоғамдық-саяси либералдандыру процесіне жаңа серпін берді - Байбек

«Сізді Мюнхенде көргеніме қуаныштымын. Біз бұған дейін де кездескен едік. Енді екі ел арасындағы байланысқа келер болсақ, шынымен үлкен істер атқарылды. Бәрін басынан бастауға тура келді, бірақ өзара қарым-қатынас бойынша жақсы жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл ынтымақтастықтың негізін Нұрсұлтан Назарбаев пен Гейдар Әлиев қалаған болатын. Мен кезінде Сыртқы істер министрі ретінде осы ынтымақтастықты нығайтудың куәсі болдым, қатыстым да. Қазақстан Әзербайжанмен бауырлас ел ретінде байланысты бағалайды. Біз Каспий арқылы көрші елдерміз. Ақтауда қол қойылған Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция үлкен әріптестіктің бастауы болды деп сенеміз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сізді біздің елге кез келген қолайлы уақытта сапарлап келуге шақырамын. Біз талқылайтын әрі шешетін көп сұрақтар бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Әзербайжан Президенті биыл екі елдің қарым-қатынасы жемісті болатынына сенімді екенін атап өтті.

«Көптеген бірлескен жобалар іске асырылуда. 2020 жыл да екі елдің байланысы үшін табысты болады деген сенімдемін. Тауар айналымын арттыруды көздеп отырмыз, сондай-ақ транспорт, туризм саласындағы серіктестіктің әлеуеті зор. Екі ел арасында тығыз байланыс орнаған», - деді Ильхам Әлиев.

Сонымен қатар ол Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылуы маңызды оқиға екенін, бұл тұрғыда Каспий жағалауындағы елдер үшін тиімді негіз қаланғанын атап өтті.

«Біздің бағытымыз дұрыс. Екі ел арасындағы бауырластық байланыс беки түседі деп сенеміз», - деді Әзербайжан Президенті.


Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар бағдарламасы аясында Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады. Айта кетейік, Қазақстан Президенті бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Мемлекет басшысы германиялық компанияларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар, ҚР Президенті Мюнхенде Германияның үздік компанияларының мүмкіндіктерімен танысты .

Мұнымен қоса, Мюнхен қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «BayWa AG» компаниясының басқарма төрағасы Клаус Лутцпен кездесті.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT