+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек

2020 жылғы 29 маусым 17:20
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің кең таралуына байланысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын жеткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

« www.coronavirus2020.kz сайтына қырық мыңға жуық сұрақ келіп түсті. Қазіргі таңда оның үштен біріне ғана жауап берілді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда.

Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек.
Телеарналардан, тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, сұрақтарына жауап алатын күнделікті бағдарламаларды ұйымдастыруға неге болмайды? Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек. Дәрі-дәрмектер, оны пайдалану жөнінде түсініктеме беру қажет, – деді Президент.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT