Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қабыл университетінде жасалған жантүршігерлік лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың жазықсыз қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

– Осындай қаралы сәтте орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасылар мен барша Ауғанстан халқына қазақстандықтардың және өз атымнан көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті қасіретті оқиғада зардап шеккен адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Соңғы жаңалықтар