+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

2021 жылғы 13 мамыр 17:13
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ауған тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ашраф Ғани бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы достас ауған халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Президенттер АҚШ пен НАТО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылып жатқан кездегі ахуал жайында пікір алмасты. Елдегі саяси-дипломатиялық жағдайды ауғандықтардың өзін қатыстыра отырып, бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жол жоқ екені нақтыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстанды терроризмнен және заңсыз есірткі тасымалынан ада, біртұтас, бейбіт, бейтарап ел ретінде қалыптастыру жолында барынша көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Осы мақсатта екі ел үкіметтері арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың нақты мәселелерін жедел шешуге бағытталған диалогты жандандыру керек.

Ашраф Ғани ауғанішілік диалогты дәйекті түрде қолдағаны және өз еліне нақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі мемлекет арасындағы ықпалдастық мәселелерін шешуде іскерлік тәсілді қолданудың маңыздылығы жөніндегі пікірімен келісті. Сонымен қатар Ашраф Ғани Ауғанстандағы ахуалды реттеуге жұмылдырылған халықаралық күш-жігерге Қазақстанның белсенді араласуын өте маңызды деп санайды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT