Қасым-Жомарт Тоқаев: Атырау облысы - ел экономикасының флагманы

None
None
  АТЫРАУ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді. Өңір активімен және жұртшылығымен кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайту, әлемнің барлық мемлекеттерімен достық қарым-қатынасты сақтау бағытын дәйекті жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат төрағасы Елбасыныңбасшылығымен еліміз экономикада және қоғамдық-саяси салада ауқымды реформаларды табысты жүргізіп отырғанын айтты.

«Әлемде бізді бейбітшіліксүйгіш ұлт, ұлттық құндылықтарды өркендетумен және ұлттық рухты нығайтумен айналысатын біртұтас халық ретінде біледі», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

nullСенат спикері Атырау облысын ұлттық экономиканың көшбасыларының бірі деп атады. Өңір жан басына шаққандағы өнім, өнеркәсіптік өндіріс, шетелдік инвестицияларды тарту сияқты көрсеткіштер бойынша жетекші орын алады. Басты өңірлердің бірі болып табылатын облыс республикалық бюджетке қомақты үлес қосады.

Қ.Тоқаев технологиялар,инновациялар, цифрландыру салаларындағы түбегейлі өзгерістерге байланысты ұлттық экономиканың алдында тұрған сын-тегеуріндерге жете тоқталды.

null«Өз Жолдауында Мемлекет басшысы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында еліміздің ойдағыдай дамуының жаңа векторын қалыптастырды. Оны іске асыруға біз әбден ойланып баруға міндеттіміз, бұл мәселе бұлғақтауды көтермейді, әдемі сөздер мен терминдер нақты істі көлеңкесінде қалдырмауы тиіс», -деді Қ.Тоқаев.

nullСөйлеу барысында Қазақстан технологиялық жаңғырту, инновациялық индустрияландыру, адам капиталын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, аграрлық секторды, көлік және логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту салаларында жүзеге асыруы тиіс міндеттер айтылды.

Мемлекеттің азаматтардың әл-ауқатын арттыруға күш салуы туралы айта келе Қ.Тоқаев, ең алдымен жастар мен жас отбасын қолдауға бағдарланған президенттік әлеуметтік бастамаларды іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстанның жаңаруында жаңа ұлттық идеологияны қалыптастыратын қоғамдық сананы жаңғырту ерекше орыналады.

Спикер түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыруда өз халқының тарихына, дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиеленген, сонымен бірге прогресс пен инновацияларға дайын қазақ жастарының жаңа буыны шешуші рөл атқаруы тиістігін атап көрсетті.

Сенат Төрағасы кездесуге қатысушыларды Парламенттің Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға бағытталған заңнамалық қызметі туралы хабардар етті.

«Біз, депутаттар, өз тарапымыздан өңірлерді тиімді дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды заңнамалық қамтамасыз етуге дайынбыз», - деп атап көрсетті өз сөзінің қорытындысында Қ. Тоқаев.

Өз кезегінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының бастамаларын Атырау облысы тұрғындарының кеңінен қолдағанын айтып өтті. Алға қойған міндеттерді орындау үшін жергілікті билік бар күшін салады.

«Бұл үшін барлық жағдай -қаржылық, адами капитал, өңір азаматтарының өмірін жақсартуға ұмтылысы бар. Біз Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін заңнамалық бастамаларға ризамыз. Атырау облысы мұнай өндіруші өңір болып саналады, алайда соңғы жылдары экономиканың басқа да салаларын дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар өңірді жергілікті өндірушілердің тауарларымен қамтамасыз етуге жағдай туғызды. Жаңа жұмыс орындарын құруға және халықты сервистік қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шағын және орта бизнес дамуда», - деді өз сөзінде Нұрлан Ноғаев.

Кездес соңында  Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді азаматтық ұстанымы және мәслихаттардың жұмысына қосқан үлесі үшін Атырау облысының бірқатар депутаттарын Құрмет грамоталарымен марапаттады.   

Актив аяқталғаннан кейін Сенат төрағасы өңірдің бірқатар өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралады.

Абай Абылайұлы

Соңғы жаңалықтар