Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Газ саласын дамыту жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ жеткізуші кәсіпорын – Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңғырту жұмыстары 2018 жылы аяқталғанына қарамастан, кәсіпорын жұмысында әлі де іркілістер бар. Нәтижесінде, мұнай өнімдерінің барлық түрі бойынша өндіріс көлемі кеміп, соның ішінде, сұйытылған газ азайып кетті. Бұл жанармай құю станцияларындағы тапшылыққа және бағаның шарықтауына алып келді. Осыған байланысты Үкіметке сұйытылған газға деген сұраныстың арту перспективасын зерттеп, оны өндірудің қосымша қуат көздерін іздестіру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын. Газ тарату жүйесіне қатысты мәселені жеке қарастыру қажет. Қазіргі уақытта аталған процесс жабық әрі түсініксіз жағдайда іске асырылады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың етек жаюына алып келеді. Тиімсіз делдалдарға жол бермеу және нарық бағасын қалыптастыру мақсатында электронды сауда алаңдары енгізілді. Олардың әлеуетін барынша пайдалану керек. Мемлекеттік органдар мен бизнес жаңа тәртіпте жұмыс істеуге бейімделуі тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді.


Соңғы жаңалықтар