Қасым-Жомарт Тоқаев Ashyq жүйесіне енгізудегі кедергілерді сынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлік нысандардың Ashyq қосымшасына тіркелуінде бюрократиялық кедергілер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде осындай пролема көтерді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі, деп хабарлайды Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ashyq қосымшасының қамту аясын кеңейту, оның функционалын жетілдіру және жұмысын күнделікті мониторингтеу туралы ұмытуға болмайды. Бұл жүйенің операторы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы болғанына қарамастан, кәсіпкерлік нысандарды Ashyq-ты пайдаланушылар тізіміне қосу өте ұзақ бюрократиялық процесс екені туралы ақпараттар бар», - деді Президент.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке Ashyq жүйесіндегі объектілердің тізіміне қосу талаптарын оңайлату жағына қарай қайта қарау қажеттігін айтты.

«Мемлекет Ashyq және өзге де цифрлық құралдарды пайдаланатын бизнес нысандарын қолдауға тиіс. Екінші жағынан, мұндай мониторинг шараларын елемейтін кәсіпкерлерді қатаң жазалау керек. Бұл мәселе әкімдердің ерекше бақылауында болуы керек» - деді қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар