Қасым-Жомарт Тоқаев: Армиядағы жастар белгілі бір кәсіптік дағдыны меңгеріп шығуы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігі мен Қорғаныс министрлігіне армиядағы жастарға кәсіптік дағды беру тетіктерін әзірлеуді жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім және тәрбие жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі ретінде Қарулы күштер де маңызға ие деп айтар едім. Әскери міндетін атқарумен бірге армияда болу – белгілі бір кәсіби дағдыны да бере білуі тиіс. Білім және ғылым министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бұл ұсынысты кеңінен талқылауы тиіс. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелеріне де өз ұсыныстарын беруді сұраймын», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің әлеуетін жастарға кәсіптік білім беруде пайдаға жарауы керектігін айтып өтті.


Соңғы жаңалықтар