Қасым-Жомарт Тоқаев: Апаттардан көз жұматындардың саны өте көп

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр Қазақстанда 1600 адам түрлі апаттардан көз жұмған. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Сенат төрағасының айтуынша, БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, 2005-2014 жылдарында түрлі табиғи нәубеттерден 700 мың адам қаза тапқан. 1,4 миллионнан астамы жарақат алды және 23 миллион адам баспанасыз қалды.

Апаттардан келген жалпы экономикалық шығын 1,3 трлн долларды құрады.

"Былтыр елімізде 16 823 төтенше жағдай, табиғи және теxногенді апат орын алыпты. Соның кесірінен 3691 адам зардап шекті. Негізі біз осы апаттардан көп азаматтарымыздан айырылып жатырмыз, былтырдың өзінде елімізде 1600-дан астам адам көз жұмды. Бірақ азаматтық қорғау қызметкерлері он мыңдаған адамды құтқарып алады, олардың барлығы да азаматтық қорғау қызметкерлеріне өмірбақи қарыздар. Сондықтан табиғи және теxногенді апаттардың салдарларын алдын алу Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыты болып қалады. Біздің мемлекет азаматтық қорғау жүйесін дамыту бойынша шараларды дер кезінде қолға алып келеді, құқықтық база және оның қызметі жетілдірілуде", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар