+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨІСШК Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына Елбасы кандидатурасын ұсынды

2021 жылғы 12 қазан 12:28
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев АӨІСШК Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына Елбасы кандидатурасын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде АӨІСШК Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жолдады «Хабар» арнасынан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік қазыналары» фильмі көрсетіледі «Ең бастысы – біз мемлекеттің негізін қаладық»: Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөздері

«Келесі құжат – бұл Ғұламалар кеңесі туралы құжат. Біз оны бүгін қабылдауымыз қажет. Мүше мемлекеттер консультативтік-кеңес органын құруды қолдады және қазірдің өзінде мүшелікке кандидаттарды ұсыну басталып кетті.

Бүгін біз Ғұламалар кеңесі туралы ережені бекітетін боламыз. Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды. Сіздер осы кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT