18:48, 15 Қыркүйек 2019 | GMT +6
Қасым-Жомарт Тоқаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Бүгін Алматы күні. Алматының байырғы тұрғыны ретінде барша алматылықтарды осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Алматы - әлем картасындағы ерекше орны бар қала. Бұл - достықтың, келісім мен татулықтың бесігі!»-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.