Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қолға алынған бірқатар инфрақұрылымдық жобамен танысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымның жобаларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президентіне Алматының халықаралық әуежайын қайта жөндеу жоспары таныстырылды.
Түркияның «TAV airport Holding» компаниясы бас директорының орынбасары Серкан Каптан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуежайдың жаңа терминалының құрылысы туралы мәлімет берді. Жалпы көлемі 55 мың шаршы метр болатын терминал жобасының құны 150 миллион еуро. Терминал жылына 6 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді. Аталған нысанның құрылысы 2022 жылдың 2-тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының халықаралық әуежайы қайта жөндеуден өткеннен кейін бұл нысанның Орталық Азия аймағындағы ірі авиациялық хабқа айналатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиылысында салынатын ұзындығы 784 метрлік көлік жолайырығы құрылысының жобасымен танысты.
Мемлекет басшысының айтуынша, аталған жоба қала жолдарындағы кептелісті азайтуға және тұрғындардың тіршілігіне қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді.
- Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Алматыда карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы жарияланды
- QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ресми ақпараты
-
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы қызу талқыланып жатыр
-
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам