11:25, 12 Мамыр 2020 | GMT +6
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді.