Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы мерейтойымен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың 65 жасқа толуына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Беларусь елінің басшысына мемлекет құру ісі және ЕАЭО аясындағы ықпалдастықты дамытудағы айрықша еңбегін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға зор денсаулық, амандық және бауырлас Беларусь халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.




Соңғы жаңалықтар